Құрметті аудан тұрғындары және әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Cозақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында ағымдағы жылдың 17 мамырынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

Ішкі талдау жұмыстары ағымдағы жылдың 17 мамыр – 28 маусым аралығында жүргізіледі. Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: +7 775 855 60 66 П.Боранбаев Эл.почта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.